Жәннаттың 8 есігі бар. Сол 8 есіктің әрқайсысында 70 000 бақша бар. Сол 70 000 бақшаның әрқайсысында 70 000 сарай бар. Сол 70 000 сарайдың әрқайсысында 70 000 бөлме бар. Сол 70 000 бөлменің әрқайсысында 70 000 үстел бар. Сол 70 000 үстелдің әрқайсысында 70 000 тағам бар... Айта берсен санына жете алмайсын. Бірақ Адамдар Жәннаттан көрі осы өмірді артық көреді. Жәннатта адамдар ешқашан ауырмайды, ешқашан қартаймайды, ешқашан өкінбейді, ешқашан шаршамайды, ешқашан жұмыс жасамайды, ешқашан қарны ашпайды, ешқашан шөлдемейді, ешқашан намаз оқымайды... Яғни Жәннатта не бар соның бәрі адамға рахат береді. Ұйықтаса рахат, су ішсе рахат, су ішпей жүрседе рахат, тұрса да отырсада рахаттанып ләззат алады. Неге адамдар осыған талпынбайды? Аллах Тағала 100 мейірім жаратып, соның 1 ғана мейірім осы өмірге жіберді. Ал қалған 99 мейірімін Жәннатқа жасырды. Ойлап қарашы егер Аллах Тағала осы өмірге мейірімін жібермегенде, онда адамдарда, жан-жануарларда, ан-құстарда ешқандай мейірім болмас еді. Неге осыншама осы өмірді артық көресіндер? Жәннат ол - Теңіз сияқты, ал мына өмір сол Теңіздің бір ғана тамшысы. Мына өмір масаның бір қанатынада тең келмейді. Егер Жәннатты қаласан Аллахтың бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тиыл. Осыны оқып шыққан адаммен де, оқып шықпаған адаммен де Жәннатта кездесейін Ин ша Аллах...